Жүріңіз, ата

Бір апамыз 50 жасқа толуының құрметіне бетінің салбыраған терісін тартқызып, неше түрлі косметикалық процедураларды жасап, “жасарып” алыпты. Бір-екі күннен соң, жұрттың көзіне қанша жасар болып көрінетінін білгісі келіпті.
— Менің жасым қаншада деп ойлайсыз? – деп сұрапты кітап сатып тұрған кісіден.
— 32-33 жаста болуыңыз керек, – депті сатушы.
— Ой, рақмеееет! – депті апамыз, – шынымды айтайын ба? Менің жасым елуде.
Аузын ашқан кітап сатушы қалыпты. Енді апамыз Ет сататын дүкенге кіріпті. Адам көп екен. Кезегін біраз күтіп, етін алып болған соң сатушыдан, – менің жасым қаншада деп ойлайсыз? – бағанағы сұрағын қайталапты.
— 29-30 жаста шығарсыз.
— Рақмет! Негізі, мен елудемін.
Мәз болған апамыз автобус аяллдамасына барып, автобусын тосып тұрыпты. Осы кезде қолында анау-мынау салған дорбасы бір ата да аяллдамаға барыпты. Апамыз қарап тұрмай, – ата, кешіріңіз, мені қанша жаста деп ойлайсыз?- депті.
— Көзімнің болаты кетті, – депті атамыз, – сондықтан айта алмаймын. Бірақ, жас кезімізде қыздың жасын анықтайтын бір әдісіміз болатын. Ренжімесеңіз, сол әдісті қолданып, дәл жасыңызды айтып берейін.
— Ол қандай әдіс?
— Енді… былай… емшегіңізден ұстатсаңыз… жасыңызды айтып берер едім. Тек ренжи көрмеңіз.
Ата айтқан әдісті ары ойлап-бері ойлап, білгісі келіп кеткен апамыз келісіпті.
— Жүріңіз, ата, оңаша жерге барайық, мұнда адам көп.
Апамыз бен атамыз бір үйді айналып, оңаша жерге барыпты. Апамыз киімінің түймелерін ағытыпты, атамыз екі қолын салып жіберіп, мыжу-қысу-шымшылау-уқалау-ысқылау дегенннің бәрін істепті.
— А-а… а-а… болдыңыз ба? – депті бір уақытта “балқып” кеткен апамыз.
— Болдым.
— Қаншада екенмін?
— Сіздің жасыңыз елуде!
Апамыз таң қалып, аузын ашып, көзін жұмыпты.
— Қалай?.. Қайтіп?.. Мүмкін емес… Қалайшы біліп алдыңыз?
— Шынымды айтайын ба?
— Айтыңыз?
— Ренжімейсіз бе?
— Ренжімеймін.
— Мен бағана, сіз ет алған кезде, сізден кейін кезекте тұрдым.😄😄😄

ПОНРАВИЛОСЬ? Перешли остальным! Пусть народ поржёт!!!

**********ANEKDOT.ONLINE**********ANEKDOT.KG**********ANEKDOT.CLUB**********

Средний рейтинг
0 из 5 звезд. 0 голосов.
Мой рейтинг:
24open
Если Вам понравилась данная статья - поделитесь с Вашими друзьями и товарищами в социальных сетях:

    Напишите ответ или комментарий

    Ваш адрес электронной почты не будет опубликован.


    Вы можете использовать эти HTML теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>