Бауырым сен білесің бе?
Алла Тағала сенен *ата-анаңның кімдер* болғанын сұрамайды, ол кісілерге қалай *құрмет* көрсеткеніңді сұрайды.
Жұбайыңның *сымбатын* сұрамайды, *қымбатын: ар-ұятын қалай қорғағаныңды* сұрайды.
Балаларыңның *санын* сұрамайды, қалай *тәрбиелегеніңді* сұрайды.
*Сен білесің бе?*
Жаратушы *жалақыңның* қанша болғанын сұрамайды, *ақшаны қандай жолмен тапқаныңды және қандай мақсатта жұмсағаныңды* сұрайды.
Жұмыс орныңның *мәртебесін* емес, оны қалай *орындағаныңды* сұрайды.
Қандай *ауданда тұрғаныңды* сұрамайды, *туыстарыңмен* және *көршілеріңмен* қалай *сыйласқаныңды* сұрайды.
*Сен білесің бе?*
Жаратушы сенен *теріңнің түсін* емес, *мінезің* мен *ісіңді* сұрайды.
Қашан *ауырғаныңды,* қандай *емханаларда емделгеніңді емес, *науқастардың көңілін сұраған – сұрамағаның* жайлы сұрайды.
Қанша *досыңның* болғанын сұрамайды, *кімге* және *қалай дос болғаныңды* сұрайды.
*Сен білесің бе?*
Алла Тағала тұрып жатқан *үйіңніің* қандай болғанын сұрамайды, қанша *адамға пана болғаныңды* сұрайды.
*Көлігіңнің* қандай болғанын сұрамайды, *қанша адамға жәрдем беріп, жеткізіп салғаныңды* сұрайды.
Киіміңнің *саны* мен *сәнін* сұрамайды, қанша *адамға жылу сыйлағаныңды* сұрайды!
Бауырым, біле жүргейсің:
*Қандай қымбат киім кисең де, соңғы киімің кебін болатынын ұмытпа.*
*Қандай қымбат көлік мінсең де, соңғы көлігің табыт болатынын ұмытпа.*
*Қандай қымбат үйде тұрсаң да, соңғы үйің қабір болатынын ұмытпа*
☝🏽Осыларды әрдайым есіңнен шығарма.
Напишите ответ или комментарий